Түркістан облысы мәслихатының депутаттары атқарушы органдарға 154 сауал жолдаған. Бұл - тек биылғы жылдың 4 айындағы көрсеткіш. Оның тең жартысынан астамы қанағаттандырылған. Сауалдардың басым бөлігі инфроқұрылым, қаржы және экономика, білім, құрылыс саласына қатысты. Бұл туралы облыстық мәслихаттың төрағасы Нұралы Әбішев журналистерге өткізген брифингінде баяндады.