586 миллион теңге. Бұл - Түркістан қаласы тұрғындарының бір жылда көлік салығына төлейтін сомасы. Алайда осы соманың ішінде 156 миллион теңгесі былтырдан бері әлі төленбеген. Сондықтан келесі айдан бастап борышкерлердің ісімен сот орындаушылардың өздері айналыспақ. Салықтан жалтарғандарға қандай шара қолданылады? Әріптесім Айдана Дүйсенбаева тарқатсын.