Ақтауда NOMAD MMA турнирі кезінде спортшы көз жұмды. Қайғылы оқиға «Батыр» спорт кешенінде NOMAD MMA бойынша балалар, жасөспірімдер, жастар және ересектер арасындағы облыстық чемпионат кезінде болды. Әлеуметтік желіде қайтыс болған спортшының қарсыласымен жекпе-жегінен бейнежазба тарады. 17 жастағы спортшы жекпе-жек кезінде қарсыласының соққысынан құлаған. Спортшыға алғашқы көмекті спорт кешеннің медициналық қызметкерлері көрсетті. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем жас жігіттің өмірін сақтап қала алмады. Марқұмға сот-медициналық сараптама тағайындалды. Бұл дерек бойынша ҚР ҚК 104-бабы, 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді.