Ақмола облысында өрт болып 19 адам эвакуацияланды. Атбасар қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйлерінің кіреберісінде электр қалқаны қысқа тұйықталып, одан әрі электр сымдары жанған. Ал төтеншеліктер 19 адамды ғимараттан ығарды. Олардың арасында 4 жасөспірім де бар. Өрт 10 минут ішінде толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.