Биыл Түркістан облысында заңсыз ашылған 24 ойынхана жабылыпты. Оған қоса құмар ойын ұйымдастырғандарға қатысты 20 қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаменті мәлімдеді. Департамент мамандарының сөзінше бүгінде заңсыз құмар ойындары заманға сай түрленіп, онлайн платформаларға көше бастаған. Тіпті TikTok әлеуметтік желісінің өзінде ел-жұрттың алдында ашықтан-ашық бәс тіккен 2 дерек анықталып, қылмыстық іс қозғалыпты.