Бүгін Сенаттың жалпы отырысында палата төрағасы Мәулен Әшімбаев сессия жұмысын қорытындылады. Сегізінші шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясы наурыз айының соңында ғана басталды. Осы уақыт ішінде жоғарғы палата Мемлекет басшысының елімізді жаңғыртуға арналған реформаларын заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету үшін ауқымды жұмыстар атқарды. Үш ай мерзімде 25 заң қабылдаған сенаторлар бүгін де бірқатар заңдарды мақұлдады.