Алматы қаласында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес қызметкерлері қылмыстық топты анықтады. Күдіктілер Қазақстанға Оңтүстік Кореядан жеткізілген жеңіл автокөліктерді заңсыз тіркеген. Жалпы, 250 автокөліктің жалған құжатпен тіркелгені анықталды. Атап айтқанда, олар автокөліктің шыққан жылын 2018-2020 деп өзгерткен және алғашқы мемлекеттік тіркеу үшін белгіленген соманы төлемеген. Сондай-ақ, мемлекетке келтірілген шығын 340 миллион теңгеден астам.