Түркістан облысы тұрғындарының кәсіп ашуға деген құлшынысы артқан. Оған дәлел биыл өңірде 3 583 азаматтың «Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының» КММ-нің көмегіне жүгінуі. Нәтижесінде 1000-нан астам бизнес жоспар құрылып, тұрғындардың рұқсат құжаттарын алу бойынша 970 өтініш қанағаттандырылған. Бүгінде осы орталықтың көмегімен 538 жоба сүйемелденіп, 4 млрд теңгенің жобасы жүзеге асқан. Ал, өңір тұрғындары арасында әсіресе ауыл шаруашылығына деген қызығушылық зор. Орталық қызметіне жүгінгендер арасында мал шаруашылығы бойынша 265, ауыл шаруашылығы аясына 146 жоба жүзеге асқан.