«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы Түркістан облысында қарқынды жүріп жатыр. Шара аясында өткен сенбі күні облыс орталығына тазалық жұмыстары жүргізілді. Оған мемлекеттік мекеме қызметкерлері, еңбек ұжымдары мен жастар тартылып, шаһар тұрғындары да атсалысты.