Енді төлебиліктер үшін балық бағасы арзандай түспек. Өйткені ауданда 300 тоннаға дейін форель өсіретін фабрика іске қосылады. Жоба құны 600 млн теңге болатын мекеме Қытай және жергілікті кәсіпкерлер келіссөзі аясында бой көтереді. Бұл туралы Төлеби ауданынының 2023 жылы атқарылған жұмыстар және алдағы жоспар туралы брифингінде айтылды.