Мамыр айынан бері 17 мыңға жуық қазақстандық баспана кезегінен шығарылған. Олар - талапқа сай келмейтін, баспанасы бар немесе заң бойынша тұрғын үй алуға өтініш беруге құқығы жоқ тұлғалар. Сондай-ақ, кезекте тұрған адам мен оның отбасы мүшелерінің тұрғын үй жылжымайтын мүлкі барлар. Бұл жайлы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мәлімдеді. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан бүгінгі күнге дейін, әкімдіктер жалпы саны 33 мыңға жуық азаматты кезектен шығару туралы қаулы қабылдаған. Бүгінгі таңда, 34 мың азаматты кезектен шығару туралы шешім қабылданды. Мамыр айынан бүгінге дейін 17 000 азамат кезектен шығарылды. Айта кетейік, 650 мың қазақстандық тұрғын үй кезегінде тұр, оның 255 140 жуығы - халықтың әлеуметтік жағынан осал топтар.