Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін 3 600 адам грантқа ие болды. Биыл жалпы бұл жоба бойынша 9 000 грант беру жоспарланып отыр. Оған 15-26 мамыр аралығында 26,9 мың грантқа өтінім берілген. Олардың көбі Түркістан және Жамбыл облысы, Шымкент қаласынан болса, керісінше Ұлытау мен Ақмола облыстарының белсенділігі өте төмен. Комиссия бизнес-идеяның бәсекеге қабілеттілігі, оның қаржылық өміршеңдігіне қарап баға береді.