Түркістан облысында 2022 жылы тапсырылуы тиіс 4 мектептің құрылысы тұралап тұр. Олар Жетісай және Сайрам аудандарында. Жауаптылардың сөзінше оған жылу жүйесіндегі ақаулық басты себеп. Өзі мектеп тапшы өңірде пайдалануға берілмей, құрылысы тоқтап тұрған білім ұяларының жұмысын сынаған облыс әкімі жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.