Абхазиядағы Ұлттық галереяда 4 мыңға жуық картина өртеніп кетті. Өрт орталық көрме залының ғимаратында болды. Абхазия төтенше жағдайлар қызметінің хабарлауынша, галереядағы өрт абхаз мәдениеті үшін орны толмас шығын болды. Өртті сөндіруге оннан астам өрт сөндіру бригадасы жұмылдырылды. Өртеніп кеткен картиналардың арасында алғашқы кәсіби абхаз суретшісі, атақты декорацияшы Александр Чачба-Шервашидзенің 300-ге жуық туындысы бар. Алдын ала болжам бойынша, өртке қысқа тұйықталу себеп болған.