Қазақстанда вейптерді сатуға және жарнамалауға тыйым салынса да оны елге әкелетіндер азаймай тұр. Тіпті пысықай кәсіпкерлер жасырын цех ашып, улы затты қолдан жасай бастаған. Мәселен, Қаржы мониторинг агенттігі соңғы екі айда вейптерді сату және сақтаудың 25 фактісін әшкерелепті. 400 мың бірлік электронды құрылғы жойылған. Заңсыз айналымнан шамамен 22 мың электронды құрылғы, 7 мың хош иістендіргіш, картридж және буландырғыштар тәркіленген. Астанада астыртын цехтың да жұмысы тоқтатылып, өндірістік қуаттылығы ай сайын 7 мыңнан 10 мыңға дейін электронды құрылғы шығарылған. Қолдан жасалған барлық өнім республика бойынша вейпшоптарға таратылып отырғаны белгілі болып отыр. Сот үкімімен аталған азамат сотталды. Вейптардың барлық партиясы мен өндіріс жабдықтары жойылды.