Шымкентте алаяқтық қылмысқа қатысы бар ер адам ұсталды. Қызылордалық күдіктінің Түркістан, Қызылорда, Жамбыл облыстары мен Шымкент қаласы аумағындағы алаяқтықтың 45 фактісіне қатысы бары анықталды. Ол дүкендер мен дәріхана сөрелерінен түрлі тауарларды жымқырып келген. Нәтижесінде, жәбірленушілерге 6 миллион теңге шығын келтіргені анықталды. Осы орайда Түркістан облысының полицейлері азаматтарға мұқият болуды және бейтаныс адамдарға сенбеуді ескертеді.