Осы уақытқа дейін қазақстандықтардың 46,84 пайызы дауыс беріп үлгерген. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясында айтылды. Сайлаушылардың келуі бойынша Қостанай облысы 62,36 пайызбен көш бастады. Одан кейін 58,69 процентпен Шығыс Қазақстан облысы, 58,32 пайызбен Жамбыл облысы мен 56,97 пайызбен Қарағанды облысы тұр. Түркістан облысында сайлаушылардың 48,37 пайызы өз таңдауын жасаған. Ал, ең төмен белсенділік Алматы қаласында тіркеліп отыр. Оңтүстік астанада саяси науқанға қатысушылар әзірге 15,38 % . Қазіргі уақытта дауыс беру 10 164 сайлау учаскесінде өтуде.