Түркістан облысында биыл мемлекет есебінен 50-ге жуық мектептің құрылысы жүруде. Өңір басшысы Дархан Сатыбалды Қазығұрт ауданына сапарында Майлыошақ елді мекенінде салынып жатқан жалпы орта мектептің құрылыс алаңында болды. Құрылыс жұмыстары кешігіп атқарылып жатқанын сынға алып, жауапты басшылар мен мердігерге тапсырма берді. Сондай – ақ, Қызылқия ауыл округі, Атажұрт елді мекеніндегі «Айнатас» негізгі орта мектебінің құрылысымен де танысты. Бұл нысан бойынша да тиісті тапсырмалар беріліп, құрылыс барысы қатаң бақылауға алынды.