Түркістан облысында жалпы 829 елді мекен болса, бүгінде соның 139 -ы 2G мобильді байланыс желісімен қамтылмаған. Ал 39 ауылда мүлдем байланыс жоқ. Себебі ол ауылдарда халық саны өте аз, тіпті 250-ге де жетпейді. Бұл туралы бүгін Түркістан қаласында өткен брифингте Түркістан облысының Цифрландыру мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының басшысы Марат Айнабеков айтты. Сәуір айында облыс әкімі Дархан Сатыбалды бұл мәселені сынға алып, жауаптыларға цифрландыру бағытындағы шараларды күшейтуді тапсырған болатын. Қазір мамандар осы іске бел шеше, білек сыбана кіріссе керек.