Маңғыстау облысы Атамекен ауылындағы бүтін бір көшенің 60-қа жуық тұрғыны көршілеріне наразы. Өйткені ол үйін қаңғыбас иттердің ұясына айналдырған. Күлімсі иіс, қала берді түні бойы ұлып ұйқы бермейтін алпыс иттің үні ауыл тұрғындарын әбден мезі қылған. Бұл мәселе 2022 жылдан бері әлі шешімін таба алмай келді.