Түркістанда 6 қабатты 600 орынға лайықталған студенттер үйі бой көтеріп жатыр. Ғимарат жеке кәсіпкердің есебінен салынуда. Оған Білім және ғылым министрлігі мен Қаржы орталығы тапсырыс берген. Студенттер үйінде 1 бөлме 30 шаршы метр. 4 адамға шақталған. Бір қабатта осындай 15 бөлме болады. Оларға ортақ санузел қарастырылады. Бүгінде құрылыстың 60 пайызы аяқталған. Тек шатыр жабу жұмыстары мен есік терезе орнатып, әктеп сырлау жұмыстары қалып отыр, - дейді кәсіпкер. 2025 жылы аяқталып, студенттерді қабылдай бастайды. Бастысы бағасы қалтаға қонымды, адам басына – 20 мың теңге деп бекітіліпті.