Түркістан облысында 32 елді мекенге жаңа базалық станция орнатылып, 62 ауылдың станциялары жаңғыртылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиналыста айтылды. Жиынға жауапты сала басшылары мен байланыс операторлары қатысып, аталған бағытта атқарылып жатқан жұмыс жайын баяндады. Айта кетсек, Түркістан облысында аймақты жоғары жылдамдықты интернетпен қамту мақсатында «Қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында жол картасы әзірленген.