Түркістандық тәртіп сақшылары 7 айлық нәрестені құтқарып қалды. Әмір Темір көшесінде қызметте тұрған полицейлердің жанына жеңіл автокөлік тоқтап, ішінен егде жастағы жүргізуші немересіне дем жетпей жатқанын айтып көмектесуін сұрайды. Көлік ішінде қимылсыз көгеріп жатқан сәбидің жанында анасы болған. Абырой болғанда жақын жерден дәрігер табылып, алғашқы көмек көрсетілді. Әрі қарай полицейлер баланы шұғыл түрде ауруханаға жеткізген.