Қазақстандықтарға 800 миллионға жуық қаражат қайтарылады. Ол артық төленген жылудың ақшасы. Комитеттің мәлімдеуінше, қаражатты қайтару тұтынушылардың дербес шоттарында аванс түрінде жеке жолмен көрсетіледі. Есептеу аспаптары жоқ тұтынушылардың жылуға төлеген ақысы қайта есептеді. Сәйкесінше, Астана қаласы бойынша 2 млн 279 мың, Алматыда 95 мың 405 теңге болса Шымкент қаласы бойынша 20 мың 208 теңге көлемінде. Ал Түрістан облысы бойынша 23 мың 640 теңге қайтарылады. Ұлытау мен Қарағанды облысының тұтынушылары үшін өзге тәсіл қолданылады. Өйткені жылу энергиясымен жабдықтау жөніндегі реттеліп көрсетілетін қызметтің құны сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып жүргізіледі.