Түркістан облысында 9 жыл халықаралық іздеуде жүрген шетелдік азамат ұсталды. Анықталғандай, күдікті деп танылған Ресей азаматына есірткіні заңсыз сақтау қылмысы үшін 2014 жылы іздеу жарияланған. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Кентау қаласының криминалдық полиция қызметкерлері қылмыскердің орналасқан жерін анықтады. Ер адам Кентаудағы пәтерлердің біріне жасырынған болып шықты. Күдікті қазір уақытша ұстау изоляторына қамалды.