Ауыз су келіп, ауылға береке де кірді. Түлкібас ауданы Азаттық елді мекеніне ауыз су құбырлары жүргізілді. Ол үшін өңірде екі су ұңғымасы қазылған. Осылайша 900 түтін тіршілік нәріне қол жеткізді. Тұрғындар енді таза ауыз судың игілігін көреріне мәз. Азаттықтар қуанышына әріптесіміз де ортақтасып қайтты. Толығырақ Нұрдәулет Сыздықтың материалында.