Абай жолын оқып тауысқан. Төлебилік неміс этносының өкілі Лидия кітап оқығанды жақсы көреді. Әсіресе, қазақ жазушыларынан Ілияс Есенберлин, Ә. Нұрпейісов шығармаларынан жаны рахаттанғанын айтады. Тек қазақ жазушыларын оқып қана қоймай, қазақ ұлттық тағамдарын жасағанды да жақсы көреді.