Абай облысындағы жағдай күрделі. Соңғы ақпарға сәйкес, Көкпекті ауданында қар құрсауында қалған 140 адам құтқарылып, эвакуацияланды. Олардың барлығы Қалбатау ауылына жеткізілді. Шұғыл медициналық көмек қажет болмағандықтан, тұрғындар уақытша жылыту пунктіне орналастырылды. Авариялық-құтқару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Еске сала кетейік, бүгін таңертең Абай облысында 100-ден астам көлік кептелісте тұрып қалғанын хабарлағанбыз. Оған себеп ауа-райының күрт нашарлап, ақ түтек боран салдарынан қарға адым жердегі нәрсенің көзге көрінбей қалуы болды.