Әбдез Рахманұлы - Түркістан облысының құрметті азаматы атанды. Бұл туралы шешім бүгін облыстық мәслихаттың кезектен тыс он бірінші сессиясында қабылданды. Мұндай құрметті атақ облыс бойынша 60-тан астам азаматына берілді. Оның құрамында Өмірзақ Шөкеев, Әуелхан Тұрғымбеков, Ұласбек Сәдібекұлы сияқты басқа да бір топ айтулы азаматтар бар.