Бүгін Түркістанда Адам құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктері талқыланды. Жиынға Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының Астанадағы Бағдарламалар кеңсесі, Уинрок интернэшнал ұйымы мен Түркістан облысының әкімдігі мұрындық болған. Оған жергілікті құқық қорғау және сот органдарының және азаматтық қоғам институттары мен жастар ұйымдарының өкілдері қатысты. Семинар-тренингті Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев ашып, өңірде адам құқықтарын қорғау халықаралық құқықтың бөлінбес бір бөлігі екенін атап өтті.