Елімізде алғаш рет Түркістан қаласында ардақты пайғамбарымыз хазіреті Мұхаммедке арналған республикалық жыр мүшәйрасы өтті. Фараб әмбебеп ғылыми кітапханасында өткен ақындар сайысының ақтық сынында іріктеуден өткен 12 жыр алыбы бас жүлдені сарапқа салды. Бас жүлдеге темір тұлпар тігілген жазба ақындар бәйгесінің маңыздылығы қандай? Толығырақ көпшілікке рухани кеш сыйлаған доданы көріп қайтқан Бексұлтан Бекпатшаның бейнематериалынан көрейік.