Әдеп бұзған әкім кім?! Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысындағы Әдеп жөніндегі кеңесінің отырысы өтті. Онда Жетісай ауданы Атамекен ауылдық округінің әкімі Шынболат Муташовтың ісі қаралды. Ауыл әкімі қызмет барысында мемлекеттік сатып алу туралы мемлекеттік заңнаманы бұзған. Яғни бір жерден сатып алу жүргізу арқылы былтырғы жылдың 18 сәуірінде жеке кәсіпкерден техникалық жабдықтар мен олардың бөлшектерін жөндеу және алу бойынша шарт жасасқан. Алайда бұл іс заң талаптарына сай атқарылмапты. Ал оған әдеп жөніндегі кеңес мүшелері бір ауыздан қызметіне толық сәйкес емес деген ескерту түріндегі тәртіптік жаза ұсынды.