Сапалы жұмыс орындарын құру үшін электр энергиясы ауадай қажет. Ал атом электр стансысын салу бізді энергияға тәуелділіктен арылтып қана қоймайды, елдің әлеуметтік-экономикасын дамытуға серпін береді. Бұл Түркістанға келген халықтық штаб мүшелерінің пікірі. Халықпен кездесуде штаб мүшелері жұрттың көкейіндегі маңызды сұрақтарға жауап беріп, ұсыныстарын тыңдады.