Шаруа бастаймын деп, шаш етектен мәселе тауып алған кәсіпкерлер телеарнадан көмек сұрайды. Агронесие алған 300-ге жуық түркістандық, баспана құжатын кепіл ретінде жекеменшік делдал мекемелерге берген. Енді банк алдындағы берешегінен құтылса да, кепілдегі үйлерінің құжатын ала алмай жүр. 3 жылдан бері күндіз күлікіден түнде ұйқыдан айырылғандар енді банк баспаналарынан да айыра ма деп қорқады.