Ауылда 20 жылдан бері мәдениет үйі болмаған. Сайрам ауданындағы Ақбұлақ ауылында мәдениет үйі ашылды. Нысан «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында бой көтеріп отыр. 200 млн.теңгеден астам қаражатқа бой көтерген нысанда кітапхана мен спорт үйірмелері де болады. 50 адамға лайықталған көрермен залы бар. 2000 жылдары ауылдағы жалғыз мәдениет үйінің ескі ғимараты бұзылған болатын. Енді жаңа орталықта мәдени шаралар ұйымдастырып, оқушылар мен зейнеткерлердің бос уақытын тиімді өткізуіне мүмкіндік туды. Жалпы, Сайрам ауданында 31 мәдениет үйі бар. Алдағы бес жылда аудан орталығы Ақсукент ауылынан көпсалалы мәдениет кешенін салу жоспарланып отыр.