Әкімдер өздерінің қалаларында, елді мекендерінде жаяу жүруі тиіс. Бұл туралы еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңесте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. Мемлекет басшысының айтуынша, қазір қалалардың жай-күйі көңіл көншітерліктей емес. Балалар алаңдары жабдықталмаған, үйлер тозған. Бұл ел имиджіне, беделіне кері әсерін тигізіп отыр. Сондықтан президент әкімдер қалалардағы проблеманы көзімен көруі үшін жаяу жүруі керек екенін айтты.