«Ата дәстүрі - тәрбиенің бастауы». Осындай атаумен Түркістан облысында ауқымды жоба қолға алынды. Мақсат - қазақ халқының ұмыт болып бара жатқан ұлттық салт-дәстүрін жаңғыртып, ата-бабамыз қалдырған асыл мұраларды дәріптеу. Түркістан облыстық Ақсақалдар алқасының төрағасы Жарылқасын Әзіретбергеновтің бастамасымен, Түркістан облыстық және қалалық әкімдігінің қолдауымен өткен байқауға колледж студенттері қатысты.