Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың 930 жылдығына және Түркістан облысының 5 жылдығына орай "Қариялар - дәстүрімнің қазығы" аймақтық форумы өтіп жатыр. Бала тәрбиесі мен ұрпақтар сабақтастығында данагөй ақсақалдарымыздың қосар үлесі де, айтар ойы да құнды. "Қарты бар елдің қазынасы бар" деген халқымыз қарияларды даналықтың бастауы деп білген. Аймақтық форумда қандай өзекті тақырыптар қозғалды? Ақсақалдарымыздың айтар ойы қандай?