АҚШ-тың экс-президенті Дональд Трампқа ресми түрде айып тағылды. 2016-ы жылы Президент сайлауына түскенде, бірнеше келіншекке ауызбастырық ретінде қыруар қаражат берген. Осы фактілер бойынша Нью-Йорк аумақтық прокуроры экс-президентті жауапқа тартпақ. Бұл тарихи сәт. Себебі, АҚШ тарихында алғаш рет экс-президентке қылмыстық айып тағылып отыр.