Қазіргі таңда шет тілін жетік меңгеріп жат елде мансап құрған қазақстандықтарға ешкім таң қалмайды. Алайда соңғы уақытта жыраққа тіл білмей-ақ кетіп жатқан қандастарымыз күн сайын көбеюде. Сұрап көрсең себептері әртүрлі. Бірі жалақының көптігіне қызықса, енді бірі үлкен мақсаттарына тез арада қол жеткізгісі келеді.