АҚШ-тың Кентукки штатында банк қызметкері жанындағы адамдарға оқ атып, 5 адам мерт болды. Тағы 9 адам жарақат алған. Қаскөй әріптестеріне оқ жаудырған кезінде инстаграмда тікелей эфир жүргізген. Сонымен қатар, ол АР-15 әскери автоматпен қаруланған. Оқиға орнына жеткен полицейлермен атыс нәтижесінде, күдікті 25 жастағы Конор Стерджен қаза тапты. Осы оқиғадан кейін, Губернатор Энди Бешир де, штаттан сайланған сенаторлар да, қару айналымын тоқтату керектігін ашына айтты. Әзірге банк қызметкерін мұндай қылмысқа не итермелегені белгісіз.