«Ақсу-Жабағылы» шипажайын дамыту керек. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды инвесторларды қабылдау барысында осы мәселе көтерілді. Онда әріптестікті нығайту жолдары талқыланып, жаңа жобалар таныстырылды. Басқосу барысында инвесторлар туристік нысанның алдағы жобаларын көрсетті. Ол үшін емдеу-сауықтыру шипажайының модернизациялауға 2 млрд теңге жұмсамақ. Заманауи емдеу-сауықтыру орындарымен қатар 250 төсек-орынға шақталған қонақ үй бой көтереді. Осылайша шипажайдың адам қабылдау мүмкіндігі 2 есе артпақ.