Ақтөбе облысының Қобда ауылы қарғын судың ортасында қалды. Аудан орталығына құтқарушылар мен арнайы техникалар жіберілді. Мамандардың сөзінше, кеше кешке қырдан келген қар суы ауыл орталығына дейін жеткен. Ал тұрғындар табиғаттың тосын мінезіне дайын болмай шықты. Облыс әкімдігі таратқан мәлімет бойынша, алты тұрғын үй суға кеткен. Тұрғындар жедел түрде эвакуацияланды. Қазір су басқан аймақтарда 6 мың метр кубтан асатам су сорылып қауіпсіздік шаралары жүріп жатыр.