Су тасқынынан зардап шеккен Ақтөбелік тұрғындар біржолғы төлем ала алады. Яғни, біржолғы төлемді алу үшін азаматтар тұрғылықты жері бойынша қалалық немесе аудандағы жұмыспен қамту бөлімдеріне хабарласуы қажет. Төлем алуға келетіндер Штаб комиссиясының қорытындысы негізінде Төтенше жағдайлар департаментінен су тасқынынан зардап шеккенін растайтын анықтама өткізеді. Ақтөбе қаласы тұрғындары мен Әйтеке би ауданының тұрғындары үшін төлем сомасы — 300 мың теңге. Басқа аудандардың тұрғындары үшін – 370 мың мөлшерінде. Бөлім қызметкерлері барлық ақпаратты 8 жұмыс күні ішінде тексереді. Егер анықтамадағы ақпарат расталса, өтініш беруші біржолғы төлемді 3 жұмыс күні ішінде алады.