Еліне еңбек сіңірген қызметкер, ақын әрі жазушы Ханбибі Есенқарақызы биыл 75 жасқа толып отыр. Ақынның мерейтойына орай Түркістан облыстық тарихи-өлкетану мұражайында сырласу кеші өтті. Шараға өңірге белгілі азаматтар мен мәдениет қайраткерлері, жазушы, композиторлар қатысты. Ханбибі Есенқарақызы – қазақ әдебиеті мен мәдениетіне елеулі үлес қосқан тұлғалардың бірі. Алаш қайраткерлері шығарған газеттерді, олар жайлы жазылған мақалалар мен сұқбаттарды жинаған жан. Қазақтың ақын қызы «Алаш аманатын арқалаған Ақ жол» деп аталатын еңбекті жарыққа шығару үшін 12 жыл уақытын сарп еткен. «Жазушының бұл еңбегі тарихта қалуға әбден лайық», - деді жиынға қатысушылар.