Күні кеше Луизиананың оңтүстігін қызыл жалын шарпыды. Тілсіз жаудың қайдан шыққаны әзірге белгісіз. Өрт сөндірушілер діттеген жерге жетем дегенше қызыл жалын едәуір жерді шарпып үлгерді. Мамандар әлі де өртті толық ауыздықтай алған жоқ. Ал, бүгін таң бозынан қаланы қалың тұман басты. Өрттен шыққан түтіннен кесірінен тас жолда көлік апаттары орын алды. Бір уақытта 158 көліктің қатысуымен ірі апат болып, жеті адам қайтыс болды. Одан бөлек 25 адам жарақат алған. Полиция қызметінің айтуынша, қаза тапқандар саны артуы мүмкін. Себебі, ірі апаттан көліктер тіпті көпірден шығып кеткен. Қазір құрбандарды іздестіру жұмыстары жүргізілуде. Қала ішіндегі 55 тас жолда көк түтін кесірінен бірнеше апат болды. Жол-көлік оқиғасы орнынан қалып қойған көлік жүргізушілерін жеткізу үшін мектеп автобустары шақырылды. Осылайша, өрттен шыққан түтін тұманмен араласып, қайғылы жағдай тудырды.