Елімізде 1 шілдеден бастап Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу жағдайлары бойынша берілетін төлемдер 14,5%-ға артады. Айта кетсек, аталған әлеуметтік төлемдер республика бойынша еңбекке қабілеттілігінен айырылған 92 мыңға жуық азаматқа, ал асыраушысынан айырылған 61 мың отбасыға төленеді. Жыл басынан бері бұл санатқа барлығы 25 млрд теңге бағытталған. Айта кетерлігі, аталған жәрдемақыларды мөлшерін арттыру ақпараттық жүйеде автоматты түрде жүргізіледі. Сол себепті, әлеуметтік төлем алушылардың уәкілетті органдарға қосымша өтініші талап етілмейді.