Шардара ауданында жыл басынан бері «Алғашқы жұмыс орны» жобасымен 51 жас жұмысқа орналасқан. Басым бөлігі сұлулық салондары, тігін цехтары мен ауыл шаруашылығы саласына жолданған. Бағдарлама жұмыс іздеп жүрген түлектер мен 29 жастан аспаған жұмыссыз азаматтарға, техникалық және кәсіптік мамандық иелеріне арналған.