«Бүгінде 2 миллионға жуық қазақстандық 5G желісін пайдаланды. Ал, келер жылы оның санын 8 миллионға жеткіземіз». Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов Digital Almaty форумының пленарлық отырысында айтты. Одан бөлек, оған қажетті инфрақұрылымды дамыту жайы да сөз болды. Жалпы бұл форум Еуразиялық Экономикалық Одақтың цифрлық күн тәртібін талқылау үшін маңызды технологиялық алаң екенін атап өтті. Жиында мемлекеттерге ортақ қандай мәселелер қаралды? Оны әріптесім Нұрдәулет Сыздық айтып берсін.