Түркістан облысында биыл туберкулезге шалдыққан 263 жағдай тіркелген. Аурудың таралуы бойынша да көрсеткіш өткен жылға қарағанда 18,9%-ға азайған. Ауруды емдеу тиімділігі жыл басынан бері 93,2%-ды құрады. Айта кету керек, Түркістан облысында дертке шалдыққандар қатарында өлім көрсеткіші 50%-ға азайған. Былтыр 8 жағдай орын алса, биыл 5 жағдай тіркелді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының кезекті алқа отырысында осы және өзге де қоғамдық денсаулық сақтау мәселелері талқыланды. Жиында сөз алған Түркістан облысы әкімінің орынбасары Бейсен Тәжібаев ана мен бала өлімінің және суицидтің алдын алу кезек күттірмес шаруа екенін айтты.